Ақтөбеде 15 жастағы қызға ғашық болған 17 жастағы бозбала сотталды
Ақтөбеде 15 жастағы қызға ғашық болған 17 жастағы бозбала сотталды
174
оқылды

Енді 17 жастағы Нұрасхан Тынымжанов үш жыл өмірін абақтыда өткізеді.

Сотталушы үкімді абақтыдан онлайн тыңдады. Бүгінгі отырысқа тек анасы, 15 жастағы қыз бен оның анасы келді. Қаладағы лицейлердің бірінде оқитын Нұрасхан жыл басында 15 жастағы сүйіктісін ата-анасымен таныстырған. Жастар үйленгісі келетінін де айтады. Бірақ оқушылардың ниетін үлкендер құптамайды. Сондықтан екеуі үш рет үйден қашып  кеткен. Енді сол үшін 17 жастағы бозбала жаза арқалады. Прокурор Нұрасханды бес жыл бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, судья жазаны барынша жеңілдетті. Өйткені сотталушының да кәмелетке толмағанын, оқушы қыздың жақындарының кешірім бергенін ескерген.

Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Киятбек Мырзабеков: «Аталмыш баптың санкциясында тек бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескеріп, Тынымжановқа көзделген ең төменгі шектен төмен жаза, яғни үш жыл бас бостандығынан айыру дұрыс деп есептеді», – деді.