Басына мұз түсіп қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр
Басына мұз түсіп қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр
87
оқылды

Сот процесі туралы жәбірленуші тараптың өкілі Наталья Полянская айтқан.

Наталья Полянскаяның айтуынша, тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының директорына өз міндетін атқармағаны үшін айып тағылған.

«Іс бойынша 13 куәгер мен 27 эпизод бар. ПИК төрағасының өзі бұған кінәлі емес екенін, кондиционерді шатырдың астына орнатқан әйел кінәлі екенін айтады. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр», – дейді Полянская.

ПИК төрағасына қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша сот жүріп жатыр. Одан бөлек, Наталья Полянская марқұмның басына түскен мұздың салмағы шамамен 200 келі болғанын айтады.

«Наталья Шамузова Алматының тұрғыны, педиатр болып жұмыс істеген. Зейнетке шыққаннан кейін жиендеріне қарап, қыздарына көмектескен. Алматыға қайғылы оқиға болардан бес күн бұрын келген. Сол күні ол денсаулық жағдайына байланысты медициналық орталыққа бара жатқан. Бұл жағдай балалары үшін ауыр болды. Оның алдында балалары әкесінен айырылып қалған болатын», – дейді Полянская.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2018 жылы 20 қарашада Марков көшесінде болған.