Жантүршігерлік оқиға туралы «Не молчи» ұйымының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
13 қарашада күйеуі әйелі мен 1 жастағы қызын ертіп Қапшағай тас жолындағы «Магнум» сауда орталығына барғаны белгілі болды. Қайтар жолда күйеуі «түзге отырамын» деп 300-400 метр жерге бұрылған. Ал ол қайтып келгенде әйелі өлі күйінде жатқан. Алматы облыстық Полиция департаменті өлімге кінәлі күдіктілер ұсталғанын хабарлады. «Қазір бұл қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады», – деп хабарлады Полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.