Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяудағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтты.Президенттің айтуынша, әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге басымдық беріледі.
«Таяудағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінетін болады. Зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен қатар, біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз», - деді Тоқаев.
Бұған дейін Президент Nur Otan партиясы Үкіметпен бірге «Өзгеру жолы – әркімге лайықты өмір» бағдарламасына 21 триллион теңге бөлуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.