“Nur Otan” партиясы елдің керегін түгендеп, жақсы бағдарлама ұсынған
“Nur Otan” партиясы елдің керегін түгендеп, жақсы бағдарлама ұсынған
114
оқылды
“Nur Otan” партиясы атынан 126 кандидат сайлауға түседі. Оның 77-сі праймериздің қорытындысымен, қалған 49 кандидат партиялық квота бойынша анықталыпты.
Бұл, сайлауда жеңіске жетсе, парламентте жастар көбейетінін аңғартып тұр. Бүгін партияның съезі болыпты. Жылдағы дәстүрден өзгеше. Съезге өңірлердегі партия мүшелері онлайн қосылған. Партия бұл жолғы сайлауда елдің керегін түгелдеп, жақсы бағдарлама ұсыныпты.
1.Елдегі үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін, 800 мектеп салынады.
2. Студенттер шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есеге өседі.
3. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 000-ға артады.
4.Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1/4 есе көбейтілген мөлшеріне тең болады.
5. "Nazarbaev University” секілді тағы екі ЖОО өңірлерде ашылады.
6. Алдағы 5 жылда әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді.
7. Педагог мамандарға сұраныс артып, олардың жалақысы 2 есеге көбейеді.
8. 2025 жылға дейін мүгедек азаматтардың жұмыс істеуі 35% құрайтын болады.
Бұл бағдарлама еліміздің әрбір азаматын әлеуметтік қолдау үшін жасалып отыр. Қасым Жомарт Кемелұлы халыққа берген әрбір уәдесінің орындалғанына аса мән береді. Ол президенттікке түсер кезде берген сайлауалды уәделеріне беріктігін көрсетті. Партия бағдарламасының да орындалатынына сенемін. Алда жарқын күндер көп. Жақсылықтан үміттіміз!
Ақбөпе Қалила