Перзентханада ауысып кеткен екі бала 35 жыл өткен соң отбасыларымен кездесті
Перзентханада ауысып кеткен екі бала 35 жыл өткен соң отбасыларымен кездесті
306
оқылды

Павлодар облысының екі тұрғыны 35 жасқа келгенде перзентханада өздерін ауыстырып жібергенін білді. Екі баланың ата-аналары қателік жіберген перзентхананы сотқа берді. 

Нариман Хамитов пен Ержан Қуанышев 1985  жылы 8  шілдеде  Железинка перзентханасында өмірге келген. Екі ер бала да отбасында алғашқы бала болған. Бұл туралы жергілікті журналист Салауат Игіліков  Instagram  парақшасында жазды. Оның айтуынша, оларға бала кездерінде ата-аналарына ұқсамайтындарын айтқан. Алайда олар оған назар аудармаған. Көп жыл өткен соң екі азаматтың ортақ таныстары екеуінің ата-аналары ұқсайтынын айта бастаған.
«Осы сөздерден кейін Нариман Павлодарға барып,   ДНК тест тапсырды. Нәтижесі барлығын таң қалдырды. Нәтижесі — 99,99% болып шықты, яғни ол басқа адамның ұлы екені анықталды. Содан соң анасына сәйкестік тест тапсырды, ол да солай болып шықты. Бұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, Нариман мен ата-анасы да қатты таң қалды», — дейді  Наримананың жұбайы Хамитова Махаббат.

Балалардың перзентханада ауыстырылғаны белгілі болған соң ер адамдардың отбасылары кездескен. Олар өзара және қорғаушымен кеңесіп, аурухананы сотқа берді.