ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
230
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ҚР Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімімен бірлесіп Өскемен қаласында жасырын жерлер арқылы психотропты заттарды саудалаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Қылмыстық топтың құрамында 19-дан 26 жасқа дейінгі 6 ер адам болған. Тексеру барысында күдіктілердің синтетикалық есірткі салынған түйіншектерді тығып қойған жерлері анықталды.
«Тәртіп сақшылары полиэтилен қапшықтардан синтетикалық психотроптық заттың 3500 дозасын тапты. Осылайша, заңсыз айналымнан 1 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның «қара нарықтағы» құны шамамен 35 миллион теңгеден асады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.