БҚО-да әжетханаға тасталған сәби тірі туғаны белгілі болды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қазталов ауданы Жаңажол ауылында 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін пакетке салып, әжетханаға лақтырып жібергенін жазған болатынбыз."Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес сәби үсіп өлген. Ауруханада жатқан қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.