Мектеп директоры сатып алудан шеттетіледі

Мектеп директоры сатып алудан шеттетіледі

Елімізде жыл сайын 1 мил­­­лионнан астам мем­ле­кеттік сатып алу өткізіледі. Мем­лекеттік сатып алу пор­талында 25 мыңнан астам тап­сырыс беруші тіркелген. Олардың тең жартысы білім беру және ден­саулық сақтау меке­ме­лері, спорт пен дене­шынықтыру кешендері екен. Аталған салалар­дағы мем­ле­кеттік сатып алуларды бух­гал­­тер­лер ұйымдастырса, жауап­кершілігі мектепте – директорға, емха­на­ларда бас дәрігерге жүк­телген. Олар о бастан мемлекеттік сатып алу маманы емес.

Содан келіп, мемлекеттік са­тып алу өткізуде қате кетіп, са­пасыз тауар алынады, ең со­рақысы сатып алудың қыр-сы­рын білмегендіктен заң бұзып алатындар мен сатып алу өткізу құқын пай­даланып, өз қалтасын ой­лайтындар көбейді. Екінші топ­тағыларға бір мысал, күні ке­ше ғана Атырау облыстық сы­­байлас жемқорлыққа қарсы қыз­меті Шәріпов атын­­да­ғы Доссор мектеп-ин­терна­ты­­ның директоры мен оның шаруа­шы­лық мә­селелері жөнін­дегі орын­ба­сары және сол мекеменің бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқ­тады. Олар бюджет қара­жа­тын жымқырды деген кү­дік­ке ілінген. Қызметкерлердің шотына артық мөлшерде жалақы аударып келген. Кейін­нен сол қа­ра­жатты жи­нап алып, өз мақ­сат­тарына жұмсаған. Ал мек­­теп ди­рек­торы жеке кәсіп­кер­­ле­р­мен генератор және жы­­лыту қа­зан­дығын жет­кізуге келісім жаса­сып, тех­ни­калық сипаттамаларға сәйкес келмейтін және көлемі толық емес та­уар­ларды қабыл­даған. Кел­тірілген шығын – 3,5 мил­лион теңге. Ма­қат ау­дан­­дық соты мек­теп дирек­торын 1 жылға бас бостандығынан айыр­са, директор орын­ба­сарын 2 жыл­ға және бас есепшінің 1 жылға бас бос­тандығына шектеу қойды. Олар енді өмір бойы мем­лекеттік қызметте істей алмайды.

Мектеп директорлары ара­сын­да мектеп оқу­шы­ларын ыс­тық тамақпен қам­тамасыз ету қыз­метіне сатып алу шартын жасауда «жәрдемдесу» дерегі жиі­леген. «Көмегі» үшін кәсіп­керден пара алып тұрғанда ұсталғандар көп. Сондықтан әлеуметтік саладағы сатып алуларды орталықтандыру жүйесіне көшіретін кездің келгені туралы аз айтылған жоқ. Енді сол жүйе жаңа жыл­дан бастап пилоттық режимде іске қосылмақ. Мектеп директорлары кәсі­бінен тыс міндеттерден құ­­тылмақ. Олар өздерінің зият­керлік жұмысымен ай­налысады.

«Жаңа жылдан бастап орта­лықтандырылған мем­лекеттік сатып алулар пи­лотты режим­де іске қосы­лады. Соған бай­ла­нысты республикалық дең­гейде Мемлекеттік сатып алу ко­митеті мен Қазынашылық комитетін біріктіру ұсы­нылып жатыр. Орталық мем­лекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлім­шелері барлық мемлекеттік сатып алулар біріккен ор­ганға беріледі де, ол респуб­ликалық ма­ңызы бар бі­рыңғай ұйым­дас­тырушы атанады. Мұндай өзгеріс облыстық және аудандық деңгейде де жүргізіледі. Облыс­тық деңгейдегі бірың­ғай ұйым­дастырушы облыс әкімдік­те­рінің мемлекеттік сатып алу бас­қар­малары, ал аудандық маңыздағы бірыңғай ұйымдастырушы аудан әкімдіктеріндегі мем­лекеттік сатып алу бө­лім­дері болады. Бұл шара мем­лекеттік сатып алу­лар­ды орталықтандыру және мем­лекеттік сатып алу­лардың бірыңғай ұйым­дастырушыларын күшейту, мемлекеттік сатып алу үшін жұмсалатын бюджет қар­жы­сын тиімді жұмсау мақса­тын­да қолға алынып отыр», – дейді Integriti Astana қо­ғамдық бірлестігінің дирек­торы Жанат Нұрғалиев. Оның айтуынша, бұл жүйе мемлекеттік сатып алу­лар­ды жүзеге асыру кезінде жем­қор­лық тәуекелін азайтуға, бюд­жет ме­ке­мелерін өзі­н­е тән емес қызметтен бо­сатуға және саяси мем­лекет­тік қызметкерлердің мем­ле­кеттік сатып алуға ара­ла­суы­на жол бер­меуін қамтамасыз етеді.

Ал Қаржы министрі ке­зекті Үкімет отыры­сын­да бұл модель мем­ле­кеттік сатып алу­ды ұйым­дастырушылар санын едәуір төмендететінін айт­қан бо­латын. Мысалы, сөз басында айтқан 25 мың­нан астам тап­сырыс беру­шінің санын 500-ге дейін азайтады. Жемқорлыққа қарсы бақылауды жеңіл­детуге, мұғалімдер мен дә­рі­герлерді ма­ман­дығына қа­тысы жоқ мін­дет­тен құт­­қаруға мүмкіндік бе­реді. Ең бастысы тауар, жұ­мыс пен қызметтің бір тү­ріне тап­сы­рыс берушілер бел­гі­лейтін баға­лар­ды бір ізге түсіреді. Себебі Қар­жы министрлігі жиі сатып алынатын 100-ден астам тауарды сараптағанда бағалардың әрқи­лы екенін анықтаған. Сондай-ақ лот­тарды ірілендіру арқылы мем­лекеттік сатып алуды ұйым­­дастыруға бөлінетін әкім­шілік және еңбек шы­ғын­дары да азая­ды. Мысалы, алдын ала есеп бойынша, мемлекеттік са­тып алу­ды ұйымдастыруға жұм­салат­ын еңбек шығыны 8 есе қыс­қарады екен.


Халима БҰҚАРҚЫЗЫ