Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті. Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды. Одан бөлек, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің азаматтықты өзгерту мәселелері жөнінде 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала нәтижелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша комиссия Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 1 037 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді. Комиссия 300 адамның шығу туралы өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.А.СҰЛТАН