Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«Тіл-қазынадағы» онлайн талқы

«Айқын» ақпарат
Қараша 15, 2019
Әлеумет
482
қаралым

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Google қазақша аударманы жетілдірді

«Қоғам тарапынан әртүрлі сын айтылуы – табиғи заңдылық» – Әлібек Асқар

Елбасының 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліп­биін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес қазақ тіліəәліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Ол іске үлес қосып жатқан Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикалы кеңістіктегі жарнама сауаттылығы» атты республикалық онлайн семинар өтті.

Мұнда орфографиялық топ мүшелері әзірлеген «Графикалық кеңістіктегі жарнама» нұсқаулы­ғы талқыға салынып, жарнама сауат­тылығына қатысты өзекті мәсе­лелер көтеріліп, бірқатар ұсы­ныс пікірлер айтылды. «Тіл-Қазына» орталығының атқару­шы директоры Ербол Тілеш:

– Жарнаманың сауатты бол­ға­ны жөн, сауаттылық емле мен пунктуация ережелеріне ғана емес, мазмұнға да керек. Сон­дық­тан сауаттылық мәселесімен қатар жарнама мәтінінің ішкі мазмұнына да мән беріп, әсіресе, ұлттық танымның тілдік көрі­ніс­терін кеңінен көрсек игі бо­лар еді. Жарнама тілі жаңа әліп­би­ге көшкенде түзелер деген үлкен үміт бар, – деп атап өтті.

– Жұрт кітап оқымауы мүм­кін, газет-журналға жазылмауы мүмкін, бірақ көшедегі жарна­ма­ны міндетті түрде көреді, көрген соң оқиды. Визуал дүние адамның есінде міндетті түрде қалады. Жарнама берушілерден сауатты мәтін талап ету, қате кеткен жағдайда түзетуге дайын болуын талап ету, түзетпеген жағ­­дайда жауапкершілікке тартып, айыппұл салу жағын қа­рас­тырған дұрыс,– дейді «Ұлан» газетінің редакторы Жұл­­дыз Әбділда.

Сондай-ақ онлайн семинар­да жарнама мәтінін сөзбе-сөз аудармай, тіл заңдылығын сақ­тай отырып, тілге жеңіл, айтуға оңай етіп беру жағын орнық­тыру мәселесі көтерілді. А.Бай­­тұр­сын­ұлы атындағы Тіл білімі инс­титутының жетекші ғылыми қызметкері Айнұр Сейітбекова кирилл жазуымен болған жарна­ма мәтіндеріндегі кемші­ліктерді қайта бол­дыр­маудың жолын іздес­тіріп, қоғамның жаңа әліп­биді жар­нама ісінде сауатты пайда­лануына жағдай жасалу қажет­тігін, ал ондай қажетті қадам жаңа емле бо­йынша жар­нама мәтіндерінің бірізді жазы­луына бағытталған осын­дай нұс­қау­лықтар мен анықтағыш­тар екен­ін атап өтті. Онлайн семи­нарға Алматы облысының Тіл оқу-әдістемелік орталығы­ның, Сол­түс­тік Қазақ­стан облысы «Тіл­дерді оқыту орта­лы­ғының», Ақмола облыс­тық оқу-әдісте­мелік орталы­ғының, ШҚО Тілдерді дамыту және үй­лес­­тіру жұмысы бөлі­мінің, Қа­­­рағанды облы­сының тілдерді дамы­ту жө­нін­дегі бас­қарма­сы­ның, Қоста­най облысы әкім­дігінің тілдерді дамыту басқар­ма­сының бас­шы­ла­ры мен ма­ман­дары қа­тыс­ты.

Әділ БЕК 

 
Тегтер: «Тіл-Қазына»әліпбиграфикакириллицақазақ тілілатын
Алдыңғы жаңалық

Әлеумет мұңы – баспана

Келесі жаңалық

Қуаныш Оңалбаев: Халық жемқорлықпен күрес тәсілін білуі керек

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда  әйелдердің  97%-ы өміріне қанағаттанады
Әлеумет

Қазақстанда әйелдердің 97%-ы өміріне қанағаттанады

Наурыз 3, 2021
Алматы облысы, жол апаты, оқушы
Жаңалықтар

Ішімдік ішкен көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Наурыз 3, 2021
Бурабай, екі полицей, жол апаты,
Жаңалықтар

Бурабайда екі полицейді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Наурыз 3, 2021
қарыз, қоллектор, кредит, несие,
Жаңалықтар

Қарызы бар адамдарды қыспаққа алатын коллекторларға талап күшейді

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Наурыз 3, 20:32

Қазақстандағы жеңіл автокөліктің 65%-і ескі: жаңарту жолдары қандай?

Наурыз 3, 20:08

Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік

Наурыз 3, 19:51

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Наурыз 3, 19:39

Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Наурыз 3, 19:16

Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы елшісі болып тағайындалды

Наурыз 3, 18:50

Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер енгізілді

Наурыз 3, 18:41
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Наурыз 3, 2021

Қазақстандағы жеңіл автокөліктің 65%-і ескі: жаңарту жолдары қандай?

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»