Елорда лаңкестік шабуылға төтеп бере ме?
Елорда лаңкестік шабуылға төтеп бере ме?
201
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы террористік тұрғыда осал мекемелердің кемшіліктері мен өрескел бұзушылықтары анықталып жатыр. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Арнайы тексеру барысында мекемелер террористік тұрғыда осал объектілердің ин­женерлік-техникалық нығайтылуы талап­тарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Сон­дықтан аталған акционерлік қоғам 500 АЕК (1 мил­лион 389 мың теңге) айыппұл тү­ріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер астанадағы медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда үйлерінің және адам көп жиналатын өзге де орындардың терроризмге қарсы қорғалуына ерекше көңіл бөліп, тексеріп жатыр. Оның қорытындысы көрсеткендей, бірқатар өрескел кем­шіліктер әшкереленді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының екі бірдей мектебінде терроризмге қарсы қорғанудың үлгілік төлқұжаты әзірленбеген. Сонымен қатар білім беру мекемесінің қыз­меткерлері террористік қатер жағдайында әрекет етуге дайын болмай шыққан. Бұл – ең маңызды талаптың бірі. Жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нә­ти­жесінде Қылмыстық кодекстің 149-ба­бына сәйкес түрлі са­наттағы 11 нысан әкім­шілік жауапкершілікке тар­тылды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тер­­ро­ристік тұрғыда осал объектілердің бас­шы­ларына объектілердің лаңкестік шабуылға қарсы қорғану саласындағы заңнама та­лаптарын сақтауға кеңес береді.

Е.СЕНБАЙ