21 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан – 5, заңды тұлғалардан – 29, оның ішінде БАҚ-тан – 13.
Келіп түскен мәселелердің сипаты бойынша қарастырсақ, өтініштердің 50 пайызы (17) – сайлау туралы заңның нормаларын түсіндіру, 17 пайызы (6) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, 12 пайызы (4) – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар, 21 пайызы (7) – өзге де мәселелерге байланысты болған. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы келіп түскен 34 өтініштің 22-сіне белгіленген мерзімде толық жауап берген, 4 өтініш Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен, заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жолданды. Ал бір өтініш қайталап берілген өтініш болғандықтан қараусыз қалдырылды. БАҚ-тың екі ақпараттық хабарламасы ОСК сайтында орналастырылды. 5 өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ. Өтініштерді қарау кезінде Орталық сайлау комиссиясы мен ОСК аппараты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды басшылыққа алады.А.СҰЛТАН