Аягөздегі 4 баланың өліміне кім кінәлі?
Аягөздегі 4 баланың өліміне кім кінәлі?
233
оқылды

Биыл көктемде Аягөз қа­ласындағы психо­нев­роло­гия­­лық патологиясы бар ба­ла­ларға ар­­­налған интернатта 1 ай­дың ішінде 4 бала қай­­­тыс бо­лған. Бұл жағдай көпшілік­тің көңілін күп­­ті етті. Себебі ба­лалардың ағзасы қатты әл­сіре­­­ген, тиіс­ті жағдай жа­сал­­маған. Ба­сында «бар се­­беп қызылша­мен ауырған­да­рын­да» де­­лін­ген бол­са, кейін өзге де тың деректер жа­рық­­қа шық­ты. Күні кеше белгілі бол­ғаны тіп­ті сұмдық – қаза тап­қан ба­ла­лардың дене­ле­рін эксгу­ма­циялау нәтижесін­де дене жа­рақат-тары табылып, миы шай­­қалғаны анықталды. Әдетте «баланы ба­сынан ұрма, ба­ғы таяды» деуші еді. Сон­да бұл қа­лай болғаны?

Аягөздегі интернаттың аты – балаларға арналған ар­найы әлеуметтік қызмет көрсету ор­талығы. Ол жерде бұрын балабақша бол­ған. 1986 жылы ашылған орталықта бүгінде пси­хоневрологиялық патологиясы бар, 3-18 жас аралығындағы балалар тұрады. Жыл ба­сын­да онда 105 тәрбиеленуші болған. Оның ішінде 37-сі – өздігінен орнынан тұра ал­майтын мүгедек балалар. Халі онсыз да мүш­кіл балалардың қатары, әсіресе көк­тем­де сиреді. Олай дейтін себебіміз, басын­да атап өткеніміздей, сәуірде 4 бала арасына 9 күн­нен салып өмірден өтті. 2 сәуірде – 12 жа­сар, 11 сәуірде – 13 жасар, 20 сәуірде – 14 жа­сар және 29 сәуірде 8 жасар бала  көз жұмды. 3 ұл, 1 қыздың өліміне шы­нын­да не се­беп болғаны күні кеше ғана бел­гілі болды. Нақтырақ айт­сақ, 3-еуіне қа­тысты деректер толықты, бір бала­ның өлі­міне қатысты тексеріс әлі аяқталмады. Тура осы кезде аталған интер­наттың тағы 16 тәрбиеленушісі ауруханадан бір-ақ шыққан. Себеп – қызылша мен ішек ин­фекциясы. 4 баланың өлімінен соң ведомствоаралық комиссия құрылған. Олар өлім себебін, қан­дай заң бұзылғанын анық­тағандай болған. Комиссия тоқетерінде «балаларды ауруханаға ертерек жеткізгенде аман сақтап қалуға болар еді» деген байламға келді. Ресми жауап мынадай: «созыл­малы коморбидті фон, полиор­гандық жеткіліксіздіктің дамуы­мен кахексия аясында даму ақау­лары бар туа біткен патология науқастардың өліміне себеп болды. Облыстық ведомст­во­аралық комиссияның жұмысы шеңберінде мен балалар орта­лығындағы барлық тәрбие­ле­нушілерді қарап шықтым. Балалар медициналық және әлеуметтік қызметтердің толық көлемін ала­ды, олар мекеме қызмет­кер­лерінің тәулік бойы бақы­лауына алын­ған», – деді облыстың бас пе­диатры Шолпан Мақашева. Комиссия орталық қызме­тін­дегі заңбұзушылықтарды да тізбе­леді. Орталық медициналық меке­мелерге қойылатын квали­фика­циялық талаптарға сәйкес кел­мейді, балаларды педиатр сер­ти­­фикаты жоқ терапевт қара­ған, пси­хиатрдың лицензиясы жоқ, дәрігерлердің балаларды күнде­лікті қарағаны құжат жүзінде рас­талмаған, қызметкерлерде алғаш­қы реанимациялық көмек көрсе­туге құқық беретін BLS серти­фикаты болмаған, одан бөлек бір­қатар жабдықтың жоғы анық­талды. Ол аз болғандай, жемқорлыққа қарсы қызмет Аягөздегі орта­лық­тың қымбат азық-түлік алдыр­ға­нын анықтады. Оның ішінде бе­кіре мен ақсерке балығы бар бо­лып шықты. Мұның бәрі мем­ле­кеттік сатып алу сайты арқылы алын­ғандықтан, фактіні жасыру мүмкін емес. Ол жердегі дерекке сәйкес, сәуірдің өзінде жылқы және сиыр етіне 6 млн теңгеге тап­сырыс берілген. Сондай пайдалы тамақ жеп жүрген балалардың ағзасы қалай әлсірейді? Ішек ин­фекциясына ондаған бала неге шалдығады? Комиссия құрамында болған Балалар құқығы бойынша уәкілдің өкілі Жібек Әмірбекова дереу интернаттың қоймасына жол тартып, әлгі тапсырыс беріл­ген тамақтың бар-жоғын сұрас­тырған. Сөйтсе, құжатта болға­нымен, ол азық-түлік қоймада жоқ болып шығады. Қандай тамақ бар дегенге келсек, қоймада кар­топ, қы­зылша, сәбіз, алмұрт, орам­­жа­пырақ тұрған көрінеді. Орны­нан тұра алмай жатқан мүгедек бала­ларға арналған езбе, ботқа да жоқ екен. Жағдайдың қандай екені бел­гілі болса, әлқиссадан соң негізгі мә­селеге көшсек. Айт­қандай, бала­лар өліміне қатысты жаңа де­ректер ай­тылды. Қазақ­станның бала құ­қықтары жөніндегі уәкілі Ару­жан Саин қаза тапқан бала­лардың де­нелерін эксгумациялау нәти­же­сінде бірқатар жарақат табылғанын хабарлады. Атап айтқанда, 2006 жылы туған тәр­биеленушінің миы шайқалған, субарахноидальды қан құйылу, жабық бассүйек-ми жара­қаты анықталды. Сонымен қатар 2009 жылы және 2008 жылы дүниеге келген балалардың да тура соған ұқсас жарақат алғаны белгілі болды. 18 мамырда ШҚО Полиция департаментінің Аягөз аудандық Полиция басқармасы осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекс­тің 317-бабының 4-бөлігі (абай­сызда екі және одан да көп адам­ның өліміне әкеп соққан меди­цина қыз­­меткерлерінің кәсіби міндет­терін тиісінше орындамауы) бойын­ша сотқа дейінгі тергеуді бас­таған. 2020 жылғы 26 мамырда жоғарыда аталған тәрбие­лену­шілердің мәйіттерін эксгу­ма­циялай отырып, комиссиялық сот-меди­ци­­налық сараптама та­ғайын­далған. Ал 9 маусымда Қыл­мыстық ко­декстің 106-бабы «Ден­саулыққа қа­сақана ауыр зиян келтіру» бойын­­­­ша сотқа дейінгі 3 тергеу басталған. Аружан Саин облыс әкім­дігінен осы интернаттың қызметін жан-жақты тексеруді сұрағанына қара­мастан, 2019 жылдың күзінде жүргі­зілген тексеру тек формалды бол­ғанын атап өтті. Осының сал­дарынан 4 бала көз жұмған. «Ко­миссияның тұжырымдары таңға­лар­лық, мүгедек балалардың құ­қықтарының жүйелі бұзылуына әсер еткен қызмет пен қызмет көр­сетудің барлық спектрі бойын­ша осы интернаттың жұмысында үлкен кемшілік анықталды. Қа­зіргі уақытта ІІМ жауабынан кө­рініп тұр­ғандай, осы қылмыс­тық істер бойынша қажетті тергеу амал­дары жүргізіліп жатыр. Ресми лауазымды тұлғалар мейітті зерт­теуді жүргіз­бестен, бала­лардың қаза болу себептерін бұр­малап, балалардың өлімі «дамудың ауыр ақаулары бар негізгі туа біт­кен неврологиялық аурудың сал­дарынан» болды деп мәлім­деген», – дейді ол. Бүгінде бұл іске қатысты құзырлы органдар мар­дымды жауап бермеді. Алдағы уақытта мән-жайын айтып қалар деп сенеміз. Аягөз облыс орталығынан 310 шақырым жерде жатыр. Жолы на­шар. Сондықтан уақытылы тек­серіс жүрмейтін болса керек. Адам құқығы бойынша уәкіл Эльвира Әзімова да балалар өліміне қа­тысты тиісті тексерістің қажет еке­нін ай­­тып отыр. «Арасына бірнеше күн салып балалардың қайтыс болуы, медициналық көмек пен күтімнің дұрыс жасал­ғанына қатысты көңіл­ге күмән ұялатады. Тексерістің жүр­гі­зілмеуі өлімге бірден-бір се­беп деп ой­лаймын», – дейді Э.Әзімова. Тексеріс дегеннен шығады, Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі мәселенің өзек­тілігіне мән беріп, еліміздің әр өңі­рінде орналасқан меди­циналық көмек көрсететін 113 ме­кемеге тек­серу жүргізі­летінін мә­лімдеген еді. Ал жалпы мұндай орталықтарда адам құқы­ның бұзылғаны жайлы деректер соңғы жылдары аз ай­­тылмайтын болып тұр. Интернет талай «жабулы қазанның қақпағын ашып жатыр». Мәселен, Павло­­дардағы психо­нев­­­рологиялық ор­талық қыз­меткерлерінің бала­­лар­­­ды ұрып-соққаны туралы ақ­парат та­раған. Сол мекемеде жұмыс істей­тін қызметкерлер мүмкіндігі шек­теулі жасөспірімдерді ұрып-соғып, тіпті балаларды түнде тө­сегіне бай­лап қоятыны белгілі бол­­ды. Түркістан облысындағы мүгедек ба­лаларға арналған интер­натта балаларды ұрып-соғатындар та­былды. Ол аздай, мерзімі өтіп кет­кен тамақ беріп, денесін жылыт­қыш құрыл­ғылармен күйдіргені туралы ақ­парат тараған. Әңгімеге арқау болып отырған Аягөздегі интер­натта былтыр жазда орталық­тың бұрынғы қызметкері мен бес тәр­биеленушісі жыныстық зор­лық көргенін мәлімдеген. Сот-меди­ци­налық сараптаманы жа­сағандар «Балалардың дене­сінен зақым та­­былмады» деген қоры­тынды шы­ғарып, «қылмыс құра­мы жоқ» де­ген желеумен биыл ақпанда іс жабылған. Байқасақ, балаларға арналған орталықтарда былық көп. Тазалау үшін білек сыбана кіріспесе, жағ­дайдың түзелуі неғайбіл. Атүсті қа­рағанның салдарынан жасөс­пірімдердің алды – зардап көріп жатса, енді бірі өмірден өтіп жа­тыр.

Жадыра АҚҚАЙЫР