Айран жалағыштар...
Айран жалағыштар...
267
оқылды
– Әй, бұл не? – деп сұрады Батыс Қазақстан облысы денсау­лық сақтау басқармасының бұ­рыңғы бастығы. – Бір шелек айран, – деді сы­байласы. – Қайдан? – Мемлекеттік сатып алу бо­йын­ша. – Жалап жатырсың ғой? – Жоға, «қаймағы қандай?» деп қ арап жатырмын... Кешіріңіз, басеке, кезінде «Бірге жалайық!» деп едіңіз... –  «Жалайық, жалайық!»  дейді ғой, тілің құрысын, күректей болған! – Ой, сіздің тіліңіз тырма си­яқ­ты ғой, жан–жағын жинап ала­тын... – Осылай халық айранын жа­лауға қалай ұялмайсың? Кор­рупция ғой? –деген бастық ше­лекке еңкейіп, бір жалап қойды. – Осылай жалап жатқан кім бар? Көрдіңіз бе,не? –деген сы­байласы да шелекке еңкейіп, бір жалап алды. – Осылай жалай берсек, халық­тың  жағдайын кім ойлайды, а? –деген бастық тағы жалады. – Осылай жалай беретіндерді соттау керек! –деген анау да жалап үлгерді. –  «Жалайық, жалайық!» дейді ғой, ал жаладық, қалғаны халыққа жетеді ме? – Әшейін, саусақтарын баты­рып, сорады. – Не үшін? – Ішектері ағару үшін. – Қоймадың ғой! біздің бас­қармаға бюджеттен бөлінген ай­ран болса, бәрімізге жетеді. Қазір әкім келеді, ол жаласын, сот ке­леді, ол да жаласын, прокурор жа­ласын! Сен жала, мен жалайын. Әшейін айтамын-ей! Бір кезде тағы бір сыбайласы  келді де аңқиып тұрып қалды. – Айран ба, не? –деп міңгірледі ол. – Ия, айран, айран? –деп кекетті Каюпов Сосын тағы бір сыбайласына телефон шалды. – Алло? «Келе жатырмын!» дейсіз бе? Тезірек келіп, жалап кетсеңізші? Жалмауыздар жалап қояр емес! –деген бастық айранға саусағын батырып, жалай бастады. Бір кезде, тағы бір сыбайлапсы келді. – Келісім бойынша, айран жалайын деп келдім, Дәмі қандай екен?, –деп сұрады ол. – Айран ашып кетіпті... Түк дәмі жоқ... –деді сыбайластардың бірі. – Мейлі, ашыған айран, ашы­ған миға пайдалы. – Айран іртік–іртік екен, –деді анау желкесін қасып. – Іртік айран ішіп көрмеппін, құйып жібер. – Кешіріңіз, айран құрттап кетіпті... – Құрттағаны жақсы. «Айран с мясом.» болады, –деді де, жаңа келген сыбайлас жемқор айран­ннан жалай бастады. Жалағанда аузының су құри жалады. Біле­гінен аққан айранды емірене жа­лады. Сосын кеңкілдеп күліп еді, оған қосыла бәрі күлді. Каюпов және оның сыбайлас­тары шын мәнінде айран жаламаса да, мердігер компаниямен меди­циналық жабдықтарды, монитор­ларды жеткізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы құны 78 миллион теңге бөлініп, шарт жасасқан еді. Қу құлқын қойсын ба, жемқорлар бұл өмірде тойсын ба, орындалған жұмыстар мен қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойып беру үшін пара алып, көңілдерін бір демдеп қойған бо­латын. Бірақ, жолдары болмады,  7 миллион 800 мың теңгені са­насып жатқанда, қолдарына кісен салынып, тергеу абақтысына то­ғытылды.  Қу, құлқын-ай, десеңіз­ші!

 Жебе САДАҚҰЛЫ