Тақылдаған таңдай түптің түбінде, түсіп тынады.
***
Ұрғашы маймыл ыржақай келер.
***
Түлен түрткен түрмеге түседі.
***
Ауыз берсең шайнайды,боқтасаң айтады.
***
Қара көкірекке,қарғыс та өтпейді.
***
Қашып кеткен қыздың артынан, жау шапқандай жетектесіп қуғыншылар жетеді.
***
Ақ жемі шыққан еріннің құпиясын,қызыл бояу «көмкеріп» білдірмейді.
***
Шалғайыңа жабысқан шөңгенің етегіңде сынған ұшы қалар.
***
Шалын шұбатпен баққан кемпірдің, көп кешікпей өзінің де шөлі қанар.
***
Көткеншек- құдыққа қарап құлайды.
***
Үйленгісі келген қыз үйірдегі құнажын байталға қызығады.
***
Шамадан тыс шатқаяқтаған шатын айырады.
***
Үрлеген меске ине тықсаң «пыс» дейді.
***
Үсіген құлақтың «мүрік» аты қалмайды.
Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам кенті,