Жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып қалған хирург
Жүрегі тоқтап қалған адамды аман алып қалған хирург
517
оқылды

Ал антына берік, кәсібіне адал ақ халатты абзал жан ауырған жанның дертіне дауа табу үшін күн-түн демей еңбек етіп жүр. Бізге адамдарды ажалдан арашалап қалған ғажайып сәттері туралы айтып берді.

Хирург болуыңызға не әсер етті? –Өзімнің атам ауырып, емханаға жатты. Алматыдағы хирургия орталығына. Бауырына ота жасады. Ауырып жатқан кезде қасында болдым. Сол уақытта хирург болу қаншалықты маңызды екенін түсініп, осындай шешім қабылдаған едім. –Осы салада жұмыс істеп жатқаныңызға неше уақыт болды? –Оқу бітіріп, жұмыс істеп жатқаныма 10 жылдай болды.  width= – Оңтүстік Кореяда білім алып келдіңіз. Медицина саласында шетелдің қандай озық үлгісін еліміздің игілігіне қолданып жатырсыз? – Асқазан, бауыр, ішек, өкпе, мойындағы қалқанша безі, аяқ-қол, жалпы, кез келген дене мүшесіне ота жасаймыз. Қазір Оралда лазермен операциялар істеп жатырмыз. Мұны толық игеріп алдық. Бұл – Қазақстанда бұрын болмаған дүниелер.  width=

Операцияның түрі көп. Жараны қалай тігеді, науқасты қалай жатқызады, қалай емдейді? Әр нәрсенің өзіне тән әдіс-тәсілі бар. Бұрын науқастарды ауруханада өте ұзақ ұстап жүрдік, 7-10 күндей. Ал шетелде 1-2 күн ғана ұстайды. Тез, белсенді қозғалып жүре береді. Олар өте белсенді реабилитация жасайды. Осы сияқты көп нәрселерді үйрендік. Заманауи технологияларды меңгердік. Қазір Қазақстанға оның біразы әкелініп жатыр.

 width= – Орал қаласында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшы абайсызда құлап кетіп, темір қоршаудың үшкір теміріне түйреліп қалды. Үшкір темір ішіне кіріп кеткен болатын. Құрылысшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қиын жағдайға тап болған құрылысшыны құтқарып қалған сіздер екенін білдік. –Иә. Ол кезде Қабылдау бөлімінің меңгерушісі болатынмын. Бізге қиын науқастарды алып келеді. 2017 жыл еді.  Ең күрделі науқастардың отасын өзім жасап жүрдім. Ол кісіні өте қиын жағдайда алып келе жатырмыз деп хабарласты. Ота бөлмесін дайындап, күтіп тұрдық.  width=

Әкелген кезде төрт темір ішіне қадалып тұрды. Арқасынан шығып кеткен. Дереу іске кірістік. Ота 6 сағатқа созылды. Ішкі мүшелерінің бәрі зақымданған. Бірінші қан тоқтаттық. Екінші кесілген, жыртылған ішектерді қалпына келтірдік. Бәрін ретімен істеп, отаны сәтті аяқтап шықтық.

 width= –Мұндай жағдай жиі кездеспейді. Сіздерге оңай болмаған шығар? –Иә. Бүкіл мүшесі жарақаттанған. Мұндай жағдайлар кітапта жазылмайды ғой, яғни стандартты жағдай емес. Бұл жерде тез шешім қабылдау керек және дұрыс қабылдау керек. Бір жерден қателессең, бүкіл процесс бұзылады. Бар ойымыз науқастың өмірін аман алып қалу болды. Ол кісінің аман-есен жазылып шыққанына қуандық. [caption id="attachment_90877" align="alignnone" width="720"] width= хирург[/caption] –Алдарыңызға түрлі науқас келеді. Тәжірибеңізде тағы қандай күрделі жағдай кездесті? –Сан түрлі оқиға болды. Бір кісі болды, қолы КамАЗ-дың камерасына қысылып қалған. Жас жігіт болатын. Алып келген кезде жағдайы нашар еді. Қолын кесіп тастасақ, бізге оңай болар еді. Бірақ ұзақ уақыт ота жасап, кесілген тамырын, бұлшықеттерін, бәрін тігіп, қалпына келтірдік.  width= Жүректен шығатын аорта деген ең үлкен тамыр бар. Сол тамыры жарылып кеткен кісілерді де аман қалып жатқан жағдайлар болды. Сосын, бір науқасымызда ішек пен асқазанның 4-сатысындағы қатерлі ісік болды. Ота жасап, ол кісіні де аман алып қалдық.  width= –Жасыратыны жоқ, қазір ауырмайтын адам аз. Бұған не себеп деп ойлайсыз?
–Қазір біраз аурулар дұрыс  тамақтанбаудан, қозғалыстың аздығынан болып жатыр. Фаст-фуд өнімдер көп. Газдалған, боялған, энергетикалық сусындар бар. Бұлардың пайдасы аз. Сосын қажетті мөлшерден артық тамақтанатын адамдар көп. Көп тамақ ішудің қажеті жоқ. Көп емес, аз емес, мөлшермен тұтыну керек. Қазір өтінде тасы бар адамдар көбейіп кетті. Өйткені қозғалыс аз. Көп отыра бергеннен геморрой көбейіп жатыр. Салмақ ауырлағасын  аяққа, буындарға күш түседі. Сосын буын аурулары, аяқта варикоз, грыжа көп болып жатыр. Күйзелістен, экологиядан да ауру болып жатқандар кездеседі. Кейінгі кезде қалқанша безі аурулары да көбейді, өкінішке қарай.
–Аурудың алдын алу үшін адамдарға қандай кеңес бересіз? – Біріншіден, күн тәртібі дұрыс болуы қажет. Күн шыққан кезде ояну керек, яғни таңертең ерте оянған жөн. Ал түнгі сағат 10-нан кешікпей ұйықтау керек. Адамның табиғаты, физиологиясы солай жаратылған. Қазір көп адам түнгі 12-1-сіз ұйықтамайтын болған. Осыдан кейін гормондар бұзылады. Ұйқысы қанбаған адам шаршаңқы күйде жүреді. Ашушаң болады, күйзеліске жол береді. Сол үшін күн тәртібін дұрыстап, дұрыс тамақтанып, жылы, үйдің тамағын ішіп, мүмкіндік болса, таза ауада серуендеп тұрыңыз.

– Әңгімеңізге рақмет!