Өткен тәулікте Қазақстанға ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ 112 ел азаматы ұшып келді, деп хабарлады COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында.
"26 қарашада Қазақстанға Германия, Ұлыбритания, БАӘ, Ресей, Түркия, Иран, Латия және Мысырдан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Әуе көлігімен келген 1 496 жолаушының 1 384-інде ПТР тестілеуден өткені туралы нәтиже көрсетілген анықтамасы болды. Ал анықтамасыз келген қазақстандықтардың саны 112 адамды құрады.
Нақты айтқанда, Нұр-Сұлтан әуежайына 5 рейспен жеткен 612 жолаушының 548-і анықтамамен, ал 64-і анықтамасыз, Алматы қаласы әуежайына 5 рейспен жеткен 688 жолаушының 657-сі анықтамамен, 31-і анықтамасыз келген. Шымкент қаласы әуежайына 1 рейспен 133 жолаушы жетті. Олардың 10-ында анықтама болмай шықты. Ал Орал қаласы әуежайына 1 рейспен ұшып келген 56, Ақтау қаласы әуежайына 1 рейспен жеткен 7 жолаушыда анықтама болды. Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары келген жерлеріндегі карантиндік стационарларға ПТР-сараптама әдісімен COVID-19 арналған тестілеуден өту үшін орналастырылды, - делінген таратылған ақпаратта.