Энергетика министрлігі мен бірқатар әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
Энергетика министрлігі мен бірқатар әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
222
оқылды
«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерге жүргізіліп жатқан тергеу туралы айтып берді.

«Департамент 2019-2020 жылдар аралығында республиканың ішкі нарығына газ жеткізу жоспарына Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына 1,5 млрд теңге сомасындағы отынды толық алмау түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, жалған мәліметтер енгізу арқылы әлеуметтік мұнай газының көлемін бөлу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған Энергетика министрлігі мен бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде. Сонымен қатар, Ақтау және Тараз қалаларындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінен босатылған газ көлемін заңсыз асырып, жеткізуші-өндірушіні алмастырғаны үшін жүйелі негізде бірнеше рет пара алған», – деді Қабдула.

Мысалы, Маңғыстау облысының қажеттілігіне арналған көгілдір отынды Қарағанды облысының аумағында жалпы сомасы 3,4 мың тонна көлемінде 252 млн теңгеден астам сомаға өткізу белгіленген. Газ құнының сату бағасынан соңғы тұтынушыға дейін жеткенше 3 еседен астам артқанын көрсетті. «Күдіктілердің бірі ҚР ПМК қызметкері. 2 адам қамауға алынды. Тергеу әлі жалғасуда», – деп атап өтті. Алдын алуға қатысты шараларға келер болсақ, «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында елордалық Департамент жұртшылықты және мүдделі ұйымдарды тарта отырып, апта сайын «СК-Фармация» қоймалары мен медициналық мекемелердің COVID-19 дәрілік препараттарының бар-жоқтығына мониторинг жүргізеді.
«СК-Фармация клиникалық хаттамаға сәйкес айына 60 мың пациентті стационарларда емдеу үшін 8,2 млрд теңге сомасына дәрілік заттардың 44 атауы бойынша сатып алуды жүзеге асырды. Бірлескен шаралар нәтижесінде «СҚ-Фармация» қоймаларында дәрілік препараттардың жеткілікті қоры қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектің шекті бағасын көтеру және дәріханаларда дәрілердің үнемі болу мәселесі үнемі бақылауда», – деді Шыңғыс Қабдула.
Сонымен қатар, жеке қорғаныс құралдарын жоғары бағамен сатумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізілуде.
«Елордалық Департамент «Telegram» каналына мониторинг жүргізу барысында Нұр-сұлтан қаласында шамамен 100 мың дана медициналық масканы сату кезінде бірқатарының жолын кесті. Құзыреттілігі бойынша тексеру материалы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді», – деді ол.