Машина жасау саласы жалпы алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сол арқылы іргелес салаларды дамыту үшін көлемді кешенді тиімділік есебінен халықты жұмыспен қамтуды арттырады.
Мәселен, машина жасау салаларына жататын машиналар мен жабдықтарды, электр жабдықтарын, көлік құралдарын шығару экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер береді. Кез келген технологиялық процестің барлық кезеңін жеделдетуге ықпал ететін ие. Сондықтан машина жасау процесін тұрақты жетілдіру арқылы инновациялық дамуды жандандырады. [caption id="attachment_90948" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сол себепті де коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай режимінің енгізілуіне қарамастан, машина жасау саласы өсу үстінде. Алайда, өндірістің құлдырауы машиналар мен жабдықтарды жөндеу және монтаждау секторларында, сондай-ақ компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде байқалды. Оның бәрін еліміздегі машина жасау саласының қазіргі жағдайы, әсіресе, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған индустрияның негізгі көрсеткіштерінен байқауға болады.Бұл саланы дамытудың негізгі артықшылықтарының бірі – қуатты мультипликативті әсері. Бұл дегеніміз – экономиканың басқа салалары мен секторларында қосымша сұраныстың және жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың өсуіне ықпал етеді. Машина жасау саласында бір жұмыс орнын дамыту – ірлегес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады.
Осындай қиын-қыстау кезеңде машина жасау саласын тоқтатпауына әсер етіп, өсуге сұранысты қалыптастырған «ҚТЖ – Экспресс» АҚ және «БРК-Лизинг» АҚ-мен жасалған үшжақты келісім бойынша вагон-платформаларын шығаруға «ЗИКСТО» АҚ-нан тапсырыс берумен қамтамассыз етілді. Оған қоса, 12 локомотив жеткізуге Молдовамен экспорттық келісім болды. Оның үстіне, әртараптандырылған «Қамқор Менеджмент» қазақстандық холдингтің ірі компаниясы – «Қамқор Вагон» ЖШС, жыл сайын 15 мыңнан астам жүк вагондары мен 25 мың дөңгелекті жөндейді. Және вагон доңғалақ шеберханаларын (VKM) құру жөніндегі стратегиялық жобаны жүзеге асыруды табысты жалғастыруда. [caption id="attachment_90949" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]Қазақстан машина жасаушылар одағының мәліметінше, машина жасау саласындағы өндіріс көлемі сол аралықта 1 183,5 млрд теңге екен. Ал құны жағынан 32,6 пайызға көтерілсе, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 116,6% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасаудың үлесі 12,9% -ды, ал Қазақстанның барлық саласында 6,2%-ды құрады. Сондай-ақ теміржол саласында өндірістің құлдырауы, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және монтаждау секторларында, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде өсім байқалады.
Дөңгелектердің прототипін қабылдау жүргізіліп және оларды күрделі жөндеуге арналған шартты штамптау нөмірін кеңейту алынды. Оның ішінде бір білікке 25 тонна жүктеме бар. Шеберхананың басты мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша жөндеуді ұйымдастыру, ол мыналарды қамтамасыз етеді:Биылғы жылдың 22 қазанында «Қамқор Вагон» ЖШС - «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалы базасында ұйымдастырылған Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында алғашқы вагон-дөңгелек шеберханаларының ашылуы өтті. Бұл жобаны іске асыруға салынған инвестиция көлемі – 170 миллион теңге. Ол шеберханалардың жұмысын жүргізу үшін жұмыс станциясы автоматтандырылып, токарлық-бұрғылау және илемдеу-жылжымалы токарлық станоктары алынды. Олар – заманауи құрылғылар.
- – Бір кәсіпорында жүк вагондары мен дөңгелектерді жөндеудің толық циклін шығару;
- – Жүк вагондарын жөндеу кезінде тоқтап қалуын азайту;
- – Дөңгелектерді тасымалдау үшін клиенттердің шығынын азайту.
«Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 18,5% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және ашық тіркемелер 47,1%, машиналар мен жабдықтар 6,7%, өзге көлік құралдарын жасау 125,2%, компьютерлер жасау 3,8% өсті», — деді министр.Ал Қазақстан машина жасаушылар бұл мәліметі дәлелдей түсті. Олардың мәліметінше, 10 жыл ішінде өндіріс көлемі 5 есе өсті; салаға тартылған инвестициялар көлемі 3 есе өсіп, 50 млрд теңгені құрады; экспорт көлемі шамамен 3 есеге артып, 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн 372 млрд теңгеге өнім өндірілді. 2020 жылдың 5 айында 535 млрд теңгеге өнім өндірілген. Енді алдағы жылы өсім де, табыс та есенленеді деп күтілуде. Бұл еліміздің экономикасына үлес қосуы.
Гүлзина БЕКТАС