«Қазгидромет» РМК 28 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта қатты қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болжанады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде қатты қар, тұман, бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады.
28-29 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с артады.
Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта көктайғақ, бұрқасын, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.