Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбиді өлтірді деп күдікке ілінген әйел қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Себебі ол қыздан жауап алынып, сол жерден кетпейтіні жайында қолхат толтырылды.
«Емдеу мекемесінен шыққаннан кейін жас ана Жалпақтал ауылының полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден жауап алынды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
[embed]https://youtu.be/IjpOUdueSq0[/embed]
Естеріңізге салсақ, оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы, Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша 19 жастағы әйел босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған.
Колледжде қашықтықтан оқып жатқан жас ана толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені екен.