-19 градус суықта Павлодар тұрғындары жылусыз қалды
-19 градус суықта Павлодар тұрғындары жылусыз қалды
277
оқылды

Павлодарда жылу желісі жарылып, көпқабатты үйлер жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

Оқиға кеше кешкі сағат 19:00 кезінде ЖЭО-1 аумағында жылу желісі жарылған екен. Сөйтіп Павлодардың оңтүстік желі арқылы қамтылатын ғимараттарға жылу беру тоқтап қалды. [caption id="attachment_91005" align="alignnone" width="1024"]Павлодар ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Қазір «ПТС» ЖШС ЖЭО-1 қызметкерлерімен бірге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары 28 қараша сағат 10:00-да аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұдан кейін ғана жылу желілері іске қосыла бастайды. Әзірге қамтылатын ауданның тұрғын үйлері «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ке қосылды. Бұл өз кезегінде қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді.

–  Ең маңыздысы – зақымдалған жерді жөндеп, қаланы жылумен қамтамасыз ету. Тұрғын үйлерге жылу жеткеннен кейін барып, апаттың шығу себебі мен оған жауаптыларды анықтаймыз, - деген Әбілқайыр Сқақов өңір басшысының тапсырғанын жеткізді. 28 қараша сағат 00:10-да өңір басшысы оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алды. Жауапты мекеме жылу қалаға 28 қараша сағат 19:00-ге дейін беріледі деп уәде етті.