Polisia.kz мәлімдеуінше, елорда тұрғыны досының үйіне барып бірге ішіп бастаған. Артынан оның масайып қалуын күтіп, оның ақшасын ұрлап кеткен. Мастығынан айққан досы бұл жайында полицияға хабарлаған.
Қазір полиция күдіктіні ұстады.
«Келіншек кінәсін мойындады. Ол сол аралықта ұрлаған ақшаны да жұмсап үлгеріпті. Әйел оған дейін екі рет сотталған. Екеуінде де достарын осылай алдаған екен» делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) деген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.