Тұрғын үй моншасындағы өрт Тараздағы дәмхана мен дүкенді де шарпып өтті.
Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 27 қарашада жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның төбесінде шыққан. Өрт үйдің төбесіне тез тарап, маңындағы "Санабар" кафесінің төбесіне және "S-маркет" дүкеніне ұласып кеткен.
Оқиға туралы хабарлама ТЖД-ға 19:19 минутта келіп түсті. Бірінші топ өрт орнына бес минуттан кейін келді. Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен сегіз мамандандырылған машина, оның ішінде 6 өрт сөндіру автоцистернасы тартылды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жедел медициналық көмек, қалалық су арнасы және электр желілері жұмыс істеді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Өрт мұржаның дұрыс орнатылмауы себебін болған.