Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тараздық тұрғындарға тамаша тарту жасалды. Жаңадан бой көтеріп жатқан №15 ықшамауданнан №25 тұрғын үй пайдалануға беріліп, талайдың көптен күткен арманы орындалды.
Баспаналы болу бақытына кенелгендерді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы құттықтап барып, пәтер кілттерін табыс етті. [caption id="attachment_91067" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] - «Баспана – бақыт шамы» дейді. Тараз қаласы тұрғындарының санының өсуі кейінгі жылдары тұрғын үйге деген сұранысты арттыруда. Еліміздің Тұңғыш Президентті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіздік жылдарында халықты баспанамен қамту бағытында көп жұмыстар атқарылды. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жанданып, миллиондаған халықтың арманы ақиқатқа айналды. Бұқараны тұрғы үймен қамтуда облысымызда да талай тірлік тіктелді. Биылғы жылдың өзінде 1000-ға жуық пәтерде қоныс тойы тойланды. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылырға арналып 180 орынды жатақхана салынды. Бүгінде бұл жатақхананың іші жанға толып отыр. [caption id="attachment_91068" align="alignnone" width="1024"] ©сурет интернеттен алынды[/caption]Ал баспаналы болған тұрғындардың атынан Абай Өміртай сөз алып, Елбасына, Президентке және облыс әкіміне жанашырлықтары үшін алғысын білдірді. Осылайша мерейлі мереке қарсаңында тараздықтар тамаша сыйға ие болды. Енді жыл соңына дейін жоспардағы үйлердің құрылысы аяқталса, қалалықтардың қуанышы тағы еселене түсетіні хақ. Ендеше қоныс құтты болсын, құрметті тараздықтар!Жалпы өңір бойынша қазір 65 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл осы үйлердің 55-нің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін кем дегенде 605 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріледі. Ол үшін барлық мүмкіндіктер зерделеніп, қажетті жұмыстар жасалуда, - деген облыс әкімі қоныс той иелерінің қуанышымен шын жүректен құттықтады.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы