Букмекерлік кеңсеге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды – Тараз
Букмекерлік кеңсеге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды – Тараз
207
оқылды
Таразда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. Қылмыс 21 қарашада таңғы сағат 05:00-тер шамасында болған. Күдік тудырған белгісіз заттарды тасып жүрген ер адамды Тараз қалалық ЖБО бейнебақылау инспекторы байқаған. Тез арада патрульдік экипажға хабар берген.   https://youtu.be/DnP8YY6tS6E «Мамандар дереу оқиға орнына келіп, үш жігітті ұстаған. Тексере келе 19 және 20 жастағы жігітті букмекерлік кеңсенің есігін бұзып, ішінен алты теледидарды алып кеткені анықталған» делінген полицияның ресми хабарламасында.