Табиғи газбен қамту жүйесіне тегін қосылады
Табиғи газбен қамту жүйесіне тегін қосылады
349
оқылды

Алматыда тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен әлеуметтік жағынан  аз қамтылған тұрғындардың үйлері газбен қамту жүйесіне тегін қосылады. Сонымен бірге, Halyk Bank-тен 300 мыңға дейін пайызсыз несие алу мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігі, «Халық Банк» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында үшжақты меморандум жасалды. [caption id="attachment_91106" align="alignnone" width="1024"]табиғи ©сурет интернеттен алынды[/caption] Бұл жұмыс қаланың жеке сектор тұрғындары газбен жабдықтау жүйесіне әлі қосылмаған аудандарында белсенді жүргізіліп жатыр. Мысалы, Алатау ауданында алты үй газға қосылған. 33 үй бойынша монтаж жұмыстары аяқталып, қосу үшін құжаттар әзірленуде. [caption id="attachment_91107" align="alignnone" width="768"]табиғи ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Газға қосу үшін пайызсыз және кепілсіз несие 18 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қосымша ақпаратты аудандық әкімдіктерден алуға болады.