Кәсіпкерлерге дағдарысқа қарсы вебинарды тегін тамашалауға мүмкіндік туды
Кәсіпкерлерге дағдарысқа қарсы вебинарды тегін тамашалауға мүмкіндік туды
169
оқылды
Еуропалық қайта құру және даму банкі өткен жылдың басынан бастап COVID-19 пандемиясы туындатқан дағдарысқа төтеп бере бастады. Тез арада вирустан төнген қауіппен күресу үшін бұрыннан бар құралдар қайта қарастырылып, кеңейтіліп, жаңа инициативалар қолға алынды. – Кез келген дағдарыс кезінде ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдері зардап шегетіні белгілі, өйткені олардың қаржыландыруға қолжетімділігі аздау. Банктердің шағын бизнеске несие немесе жеңілдіктерді аз беретінін көріп жүрміз. Әрине, көп елдердің үкіметтері бизнеске қолдау көрсету шараларын жүзеге асырады, бірақ дағдарыстың келесі толқынының алдын алатындай толық және жеткілікті мөлшерде емес. Сол себепті ЕҚДБ және басқа да қаржылық институттардың рөлі – кәсіпкерлерге тек қана қаржылық қолдау көрсетіп қоймай, кеңес беру және білімді жетілдіруде көмек көрсету. Осындай бағдарламалардың нәтижесінде Орталық Азия мемлекеттерінің 9000 астам кәсіпкерін оқыту мүмкін болды», – деді ШОБ Дамыту және қаржыландыру тобының жетекшісі Нади Петкова ханым.
ЕҚДБ жүргізген зерттеулерге сәйкес пандемия кезіндегі шағын және орта бизнесіне ортақ келесі мәселелер анықталды:
  • Тапсырыс беруге сұраныстың төмендеуіне байланысты түсімнің азаюы;
  • Кадр мәселелері: кәсіпкерлер қысқартылған жұмыс күнін енгізуге, оның есесіне қызметкерлермен еңбек ақыларының қысқаруы немесе ақысыз демалысқа шығуы жайлы келіссөздер жүргізуге мәжбүр, ол көп жағдайда сотқа апарады;
  • Қаржылық мәселелер (өнім жеткізушілердің қызметін төлеу, қызметкерлердің еңбек ақысын беру, бизнес-несиелерді өтеу сияқты қаржылық міндеттемелерде туындайтын қиындық).
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылған осындай маңызды жобалардың бірі – кәсіпкерлерге арналған «ReStart» дағдарысқа қарсы вебинарлар сериясы. Жобаның негізгі мақсаты – бизнесті басқарудың түрлі саласындағы білікті мамандардың ай сайын кәсіпкерлермен білімі мен тәжірибесімен бөлісуі. Жобаға қатысу тегін жүзеге асырылды. Шақырылған спикерлер қатарында танымал қазақстандық бизнес тренерлері және бизнес иелері болды. Жобаның басталғанынан бері қазақстандық кәсіпкерлердің 1000-нан астамы бизнесті жүргізудегі бизнес-процестерді автоматизациялаудан бастап, компанияны басқару стратегиясына дейін түрлі аспектілер бойынша білімдерін жетілдірді,  30-дан астам спикер – кәсіпкерлер, жетекші бизнес-тренерлер, бизнесті басқарудың түрлі саласының сарапшылары жеті ай бойы өздерінің білімдерімен және жеке тәжірибелерімен бөлісті.