Қытай Халық Республикасында тұратын қандасымыз, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Әкпар Мәжитұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін қытай тіліне аударған.
⠀
Әкпар Мәжитұлы әдебиет саласындағы алғашқы туындысы мемлекеттік сыйлықты алған талантты жазушы. Сондай-ақ жеті тілді еркін меңгерген полиглот. Әкпар шығармашылықпен қатар мемлекеттік саясатта да сіңірген еңбегі ерекше тұлға. Ол қытай тілінде жазатын жазушы болғанымен, сол елдегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер.
⠀
Әкпар Мәжитұлының айтуы бойынша Абайдың қара сөздерін қытай тіліне алғашқы аударған Сібе ұлтының өкілі Қабай (Ха Хуан Жаң) атты қаламгер еді. Ол кісі қазір 92 жасқа келді. Сол еңбектеріміз үшін биыл Қабай екеуміз бірге Қазақстан тарапынан марапатталдық. Мен 1994 жылы қазан айында Абайдың қара сөздерін қытай тіліне аударғанмын. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Бейжіңдегі мемлекеттік «Ұлттар баспасында» қытайша, қазақша екі тілде «Абай ақылиясы» деген аудармам шықты . Ол жолғы аудармамды Қытай тілді оқырмандар ыстық ықыласпен қабылдады – дейді жазушы.