Үйсіз адамдар киіз үйде тұрып, суықтан аман қалды
Үйсіз адамдар киіз үйде тұрып, суықтан аман қалды
142
оқылды
АҚШ-тың Калифорния штатында көмек қызметкерлері жергілікті үйсіз адамдардың суықтан аман қалуына көмектесу үшін киіз үйлер салып жатыр. Spectrum News1 басылымының жазуынша, Лос-Анджелес аудандарының бірінде биыл жеті киіз үй салынды. Жеңіл және қарапайым панельдік дизайн бірнеше минут ішінде жиналады. Мұндай ғимарат шамамен 250 доллар тұрады. Бұл киіз үй суықтан да, ыстықтан да қорғай алады.
"Басында біз шатырда тұрдық, өте қиын болды. Жақында олар осындай үйге көштік, әлдеқайда жылы", – дейді жергілікті тұрғын Эванжелина Кесада.
Енді белсенділер қаланың басқа жерлеріне киіз үй салуды жоспарлап отыр. Ерікті Кэти Хактың айтуынша, қараша айының ортасынан бастап ауданда суықтан тоғыз адам қайтыс болды.