30 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысында қар жауады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп, еліміздің солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз – көктайғақ.
Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.