1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
233
оқылды

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.

"Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері жүреді, ал жексенбі күндері жүрмейді. Жол жүру ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", -  деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, 1 желтоқсанда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Салют атуға және бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Алматыда да 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді. Санэпидбақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтінін айтады. Мұнда да салют атуға тыйым салынған.