Жамбыл: Бас дәрігер сәбилердің тамағына бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін сотталды
Жамбыл: Бас дәрігер сәбилердің тамағына бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін сотталды
172
оқылды

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Жамбыл облысы Меркі ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігеріне қатысты соталды тергеу аяқталды.  Құрманәлі Б.Т. сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. 

«Ол ЖШС өкілінен 2 миллион 800 мың теңгеге құрғақ балалар тамағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге көлемінде пара алған. 12 қарашада Мерке аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды» делінген ресми хабарламада.