Kitap fest фестивалі басталды
Kitap fest  фестивалі басталды
259
оқылды

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Тұңғыш Президент күніне орай алғаш рет республикалық Kitap Fest кітап фестивалі басталды.

Шараны Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырған. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындарының және колледж студенттері, мектеп оқушылары, ата-аналар, жалпы қала тұрғындары қатысты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын, бұл ретте кітапханалардың кітап қорын жаңалау және толықтыруға басымдық беру керегін тапсырған болатын. Шыны керек, қазір адамдар бұрынғыдай кітап оқу дағдысынан айырылып бара жатыр. Мәселен, АҚШ-та ата-ана балаларына 30 минут кітап оқып беруге міндетті. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, яғни оқырманның кітап оқуға деген құштарлығын арттыру», – деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан. Шара аясында «Жебе» баспа үйінен шыққан «Ке­мең­гер, Дана Көшбасшы» кітабының таныстырылымы өтті. Республикалық Kitap Fest фестивалі 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ