«Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді» – Мәулен Әшімбаев
«Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді» – Мәулен Әшімбаев
239
оқылды

Барша Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтай­мын! Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таң­дауын жасап, еліміздің Тұң­ғыш Президентін сай­ла­ды. Бұл тәуел­сіздік жо­лындағы ең маңызды қадам­­дардың бірі болды деп айтуға толық негіз бар.

Осы жылдар ішінде Қазақстан ғасырға жүк болар ғаламат же­тістіктерге қол жеткізді. Ата-баба­лар аңсаған арман-мұраттар орын­далып, егемен ел болып толық қалыптасты. Еңсесі тік, іргесі бе­­рік, нағыз тәуелсіз мемлекетке айналды. Мұның бәрі Елбасымыз, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Пре­­­­­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында «Елбасы – еліміздің негізін қа­­­лаушы, елдігіміздің символы, тәуел­сіз Қазақстанның төл тари­хының бастауында тұрған тұғырлы тұлға!» деген еді. Шын мәнінде, Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолға алған тұста Қазақстанның ішкі ахуалы өте күрделі болғанын бәріміз жақсы білеміз. Біздің сол кездегі жағ­дайымызды ескеріп, болаша­ғымызға сенімсіздікпен қарағандар да аз болмады. Тұңғыш Прези­дентіміз сол тығырықтан шығар жолды тауып қана қоймай, өзіне жүктелген тарихи миссияны арты­ғымен орындады. Тәуелсіз Қазақ­стан мемлекетін құрып, егемен­діктің ең басты тұғырларын тас-түйін бекітіп берді. Ең алдымен шекарадай күрделі мәселе кемеңгерлікпен шешіліп, халықаралық құжаттармен біржола шегенделді. Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген еді. Шекара мәсе­лесі түпкілікті шешілмесе, мем­лекеттің тәуелсіздігі баянсыз, болашағы бұлыңғыр болады. Оны бүгінде бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан Елбасымыз бұл істе дау-дамайға емес, салиқалы дип­ломатияға арқа сүйеді. Нәти­жесінде, бабаларымыздан аманат болған ұлан-байтақ жер мәңгілікке қазақтың басты байлығына айналды. Тұңғыш Президентіміз мем­лекеттік басқару инсти­туттарының заманауи үлгісін қалыптастырды. Ел дамуына тың серпін берген Ата заңымыз – Конституциямыз қа­­былданды. Соған сәйкес, билік тармақтары қалыптасып, қос пала­талы кәсіби Парламент, Үкімет, тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Жергі­лікті әкімдіктердің жұмысы жолға қойылды. Сол арқылы мемлекеттік басқару институттары жүйеленіп, әрқайсысының мақсат-міндеттері нақтыланды. Егемендігіміз бен елдігіміздің берік қалқаны болған Қарулы Күштеріміз жасақталды. Экономика саласында кешенді реформалар жасалып, эконо­ми­калық өсімнің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. Елбасымыз бұл бағытта да аса маңызды және та­рихи шешімдер қабылдады. Осы­лайша, Тұңғыш Президентіміз бүкіл әлем мойындаған дамудың «Қа­зақстандық жолын» айқындап берді. Елбасымыздың кемеңгер ше­шімдерінің бірі – астананы Арқа төсіне көшіру екені даусыз. Сол кездегі экономикалық қиын­дықтарға қарамастан қабылданған бұл шешім – нағыз стратегиялық қадам болды. Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіру арқылы Қа­зақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді. Расымен, елорданың өсіп-өр­кендеуі тұтас Қазақстанның да­муына даңғыл жол ашты. Ота­нымыздың абыройын ас­қақ­татып, беделін өсірді, бүкіл қа­­­зақ­стан­дықтарды жаңа мақсат-мұ­раттарға жетеледі. Бүгінде елордамыз Ота­нымыздың жүрегі, Тәуел­сізді­гіміздің тірегі, мем­лекеттік да­мудың нағыз те­мірқазығына айналды. Жаңа астананы Тұңғыш Прези­ден­тіміздің табандылығы мен батыл­дығының жарқын көрінісі деуге әбден болады. «Тарихты тарлан тұлғалар жа­сайды» деген сөз бар. Елбасының елдік мүдде жолында қабылдаған әр шешімі ұлт тарихының жаңа тарауы болып жазылатыны анық. Солардың ішінде Түр­кістан об­лысын құрып, Түр­кістан шаһарына жаңа мәртебе беру туралы ше­шімнің маңызы зор. Түркістан – қазақ үшін ежелден құт дарып, кие қонған қастерлі ме­­кен және ұлттық рухтың өзегі. Ел дамуының жаңа кезеңінде оның қайта түлеуі тұтас Қа­зақ­станның өркендеуіне тың серпін берері анық. Қазірдің өзінде оның нәти­жесін көріп те, сезініп те отыр­­­мыз. Түркістанды түлету – өткеннен өнеге ала отырып, кемел келешекке ұмтылудың озық үлгісі. Осы жол­дағы «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары да ай­рық­ша мәнге ие. Тарихтан та­ғы­­лым алу кейін шегіну емес, ол – ұлттық кодты сақтаудың жарқын көрінісі. Расында, ұлттық кодсыз мемлекет болмайды. Сол себепті бұл салада Елбасы ұлттық тұтас­тықтың кепілі ретінде батыл ше­шімдер қабылдаудан қаймыққан жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының жа­сампаздық пен жаңашылдықты тоғыстырған осындай страте­­гиялық қадамдарын сыртқы саясатымыздан да байқауға бо­лады. Әсіресе, Ел­басының жа­һандық қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге ықпал еткен бас­тамаларын ерекше атап өткен жөн. Тұңғыш Президентіміздің саясаты мен бастамалары күш пен қаруға емес, керісінше парасат пен пайым­ға, диалог пен сенімге арқа сүйеді. Өркениетаралық және дінаралық келісімге басымдық берді. Сол арқылы әлемді алаңдатқан мәсе­лелерді шешуге өз үлесін қосты. Елбасының сарабдал саяса­тының нәтижесінде Қазақстан бү­кіл әлемге экономикасы қуатты, ынтымағы жарасқан, жауап­кер­шілігі жоғары ел ретінде та­нылды. Тұңғыш Президентіміз салған осы сара жолдан айнымай, тәуелсіз елімізді мәңгілік ету, сабақтастықты сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. Мереке құтты болсын!