Тұңғыш Президент күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттар
Тұңғыш Президент күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттар
256
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекет басшыларынан, экс-прези­дент­терден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайрат­керлерден, алыс-жақын ше­телдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түсті.

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Ел­басыға мықты денсаулық, бақыт және ел игілігі жолындағы қызме­ті­не мол табыс, ал Қазақстан хал­қы­­на тыныштық, бақ-береке, ор­нық­­­ты даму және бақуаттылық тіледі. – Тұңғыш Президент күні – көпұлтты Қазақстан халқының та­рихи таңдауы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ұлт бірлігі мен келісімінің ерекше символы. Сіз ұзақ жыл бойы елдің көшбасшысы, барлық саладағы тиімді реформа­лар­дың және тәуелсіз Қазақстан­ның ғаламат жетістіктерінің негізін қалаушы, әлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық бастамалар­дың авторы, тәжірибелі әрі та­ны­мал саясаткер, халқына және туған жеріне қызмет етуді өзінің қастерлі парызы санайтын білікті басшы ретінде көпшілікке танылып, үлкен құрметке ие болдыңыз, – делінген жеделхатта. Америка Құрама Штаттарының 66-мемлекеттік хатшысы Кон­долиза Райс өз жеделхатында Қа­зақстанның қарқынды дамуындағы Елбасының ерекше рөлін атап өтті. – Біздің Тұңғыш Президентіміз Джордж Вашингтон америкалық құндылықтарды болашақта ат­қаратын істеріміздің негізіне ай­налдыра білді. Сіз Қазақстан үшін де дәл осындай игі жұмыс атқар­дыңыз. Сіздің ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы салудан бастап, бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел, – делінген жеделхатта. Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүл өз құттықтауында Қазақстан Тұңғыш Президентінің жас мемлекетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өткен. – Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Қазақ халқының жарқын болашағына сенімдімін. Қазақстанның түркі әлемінде алатын орны бөлек. Қазақ-түрік қатынасының өркендей беруіне тілектеспін, – делінген жеделхатта. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстан Тұңғыш Президентінің тәуелсіз ел тарихындағы маңызды рөлін атап өткен. – Елдің табысы мен тұрақ­ты­лығы көбіне Президент Назарбаев­тың басшылығымен байланысты. Қазақстанды күтіп тұрған барлық қиындықтар мен реформаларға қарамастан, қазіргі уақытта мем­лекет болашаққа нық сеніммен қарай алады, – деді Т.Блэр. Сондай-ақ Н.Назарбаев­қа жы­лы лебіздері мен қолдауын Эстония Республика­сының экс-президенті Арнольд Рюйтель, Тәуелсіз мем­ле­кеттер достастығы Атқару коми­те­тінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымының бас хат­шысы Станислав Зась, БҰҰ бұрын­ғы бас хатшысы, Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун, Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші прези­денті Жак Аттали, Испания үкіметінің бұрынғы басшысы Хосе Мария Аснар, Италияның экс-премьер-министрі Романо Проди, Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі Франко Фраттини, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, басты иудей ұйым­дары жетекшілері конференциясы төрағасының орынбасары Малько­льм Хенлайнн, Chevron Corporation компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы және бас директоры Кен Дерр білдірді.