Ауа райы: Кейбір аймақта қар жауады
Ауа райы: Кейбір аймақта қар жауады
119
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады.

Тек елдің солтүстігі мен шығысының кейбір жерінде ғана қар жауады. Желдің екпіні күшейіп, тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында боран соғып, көктайғақ болады. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Қарағанды облысында және күндіз Жамбыл облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Қостанай облысында көктайғақ болуы мүмкін.