Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей Волков Шымкентте дүниеге келген грек парламентінің мүшесі Мария Апатзидимен кездесті. Ол Грекия парламентінің ең жас мүшесі деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Волков пен Апатзиди екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Апатзиди қазақ-грек ынтымақтастығын, соның ішінде парламентаралық диалогты жандандыруды қолдады.
«Депутат Қазақстанның тумасы болғандықтан, соңғы жылдары өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған этникалық гректер тарапынан қазіргі Қазақстанға деген қызығушылықтың өскенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Кездесуде өзара туристік алмасуды айтарлықтай кеңейту әлеуеті де сөз болды.