Текелі тұрғыны дәмханаға атпен кіріп кетті
Текелі тұрғыны дәмханаға атпен кіріп кетті
312
оқылды

Текеліде бұзақы кафеге атпен кіріп кетті. Қалалық полиция қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 17 қарашада тіркелді. Кешке салт атқа мінген жігіт қаладағы кафенеің біріне кіріп кетті. Бұзақылық туралы видео Instagram-дағы @police_almobl парақшасынан облыстық полицияға жолданған.

– Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде жарияланған бейнені мұқият зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұзақылық іске күдікті анықталды. Ол Текелі қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полицияға тапсырылды, ал оқиға бойынша жинақталған материалдар сотқа жолданды, – деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.

https://youtu.be/ZNApcVUVQY4

Күдіктіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапкершілік жүктелді. Талдықорған әкімшілік сотының шешімі бойынша ол бес күн қамауда болады.