"Енді кездеспейміз деді": Елбасы есінен кетпейтін өкініші жайлы айтты
"Енді кездеспейміз деді": Елбасы есінен кетпейтін өкініші жайлы айтты
307
оқылды

Елбасы "Хабар" телеарнасында көрсетілген "Штрихи к портрету" деректі фильмінде уақыт өтсе де, есінен кетпейтін өкініші жайлы айтты.

"Анам мені өте жақсы көретін. Анасы баласын жанындай жақсы көруі керек, сонда ол бала табысқа жетеді деп ойлаймын. Ол мені өзге балаларынан артық жақсы көретін, мұны жасырмай айтып отыратын. Ол мені өмірден де артық жақсы көретінін сездім", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Теміртауда жүрген уақытта анасы Алматыға қашан оралатын сұрапты. Бірақ ол кезде Елбасы Теміртауда партияның облыстық комитетіне сайланыпты. Кандидатураны бекіту үшін Мәскеуге барар алдында ол ата-анасының үйіне барғанын айтады.

"Анам төсек тартып жатты. Тұра алмады. Мен қоштасып, Мәскеуге барып келетінімді айттым. Ол біз енді кездеспейміз деді", деп еске алады Елбасы.

Айтуынша, дәрігерлер анасы орнынан тұра алмайтынын айтқан.
"Бірақ ол орнынан тұрып, мені шығарып салды. Батасын берді. Қазір бәрін тастап, анамның жанында болып, емдеуім керек еді деп ойлаймын. Бұл мені үнемі мазалайды", - деді Назарбаев.
Ол Мәскеуде болғанда анасы өмірден өткен екен.
"Мен үйге оралып, анамды жерледім. Туған күнімнің алдында жыл сайын ата-анамның басына барамын. Ол әкемнен соң алты жылдан кейін көз жұмды. Қарапайым адамдар болатын, еш жерде оқыған жоқ. Бірақ өмірден түйгендері көп еді", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
  https://www.youtube.com/watch?v=d011sBD6NJg