Алматыда әйелін ұрып-соққан тұрғынды жауапқа тартты
Алматыда әйелін ұрып-соққан тұрғынды жауапқа тартты
160
оқылды

Оқиға «Премьера» тұрғын үй кешенінде болған.

«Бүгін түнде Алматыдағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде көрші тұратын ер адам тыныштықты бұзып, әйелін ұрып-соқты, есік қаққандарға мән бермеді. Бұл бірінші рет болып отырған жайт емес. Көршілері болып жатқан оқиғаны есіктің тесігі арқылы видеоға түсіріп алған» делінген жазбада. Полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов: «Бұл дерек бойынша көршілерінен түнде тыныштықты бұзуға қатысты шағым түсті. Оқиға орнында тексеріс барысында бірге тұратын жұптың спирттік ішімдік ішіп, арты дауға ұласқаны белгілі болды. Алайда жәбірленуші дене жарақаты болса да, шағым түсіруден бас тартты. Түнде тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді.