Қорғаныс министрлігінің әскери-медициналық орталығы 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әскери медицинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері сөз болды.
Орталықта өз ісінің шебері, білікті әскери дәрігерлер мен ғалымдар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл жерде 50 қызметкер, 11 сарапшы, 9 оқытушы мен жоғары санатты 6 дәрігер қызмет етуде. Екі қызметкер медицина ғылымының кандидаты ғалым дәрежесін иеленсе, бір PhD дәрігер бар. Орталық Азияда теңдесі жоқ әскери медицина орталығының тарихы 1969 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласында Ортаазиялық әскери округінің округтік сот-медициналық зертханасы құрылғанда басталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оны Қорғаныс министрлігінің Орталық медициналық зертханасы деп аталды. Ал 2010 жылы мекеме өзінің қазіргі атауын алды. Мекеме әскери медицина саласында қосымша білім беруді қамтамасыз етеді, біліктілікті арттыру және курстық даярлау саласындағы ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарға жауап береді. Қарулы Күштердің медициналық құрамына әскери-медициналық даярлық, сот-медициналық, патологоанатомиялық, химиялық-токсикологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. 2011 жылдан бастап оның құрамына Қарулы Күштер медицинасы құрамындағы интернатура қосылды. Бұдан басқа, орталық ІІД, Ұлттық ұлан және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне медициналық көмек көрсетуді үйретеді. Жыл сайын нұсқаушы-оқытушы құрамы әскери-медицина эстафета бойынша халықаралық сайыстарға қатысу үшін Қарулы Күштердің құрамына кадр дайындайды. 2019 жылы дәрігерлер құрамы ІІ орынға ие болды. Оқытушылар құрамы БҰҰ миссиясы үшін бітімгершілік дайындауға қатысады. Медициналық қызмет подполковнигі А.Асылханов және Б.Халмуратов және аға сержант Ә.Оразханов Ливанға аттанар алдында бітімгершілік ротасының әскери-медициналық дайындығына қатысты. Тәжірибе мен білімге қарамастан, әскери медицина орталығы әрдайым даму үстінде.
Әділ БЕК