Президентке жаңа өкілеттік берілетін болды
Президентке жаңа өкілеттік берілетін болды
281
оқылды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, заң жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы саласындағы заңнамасын жетілдіру.

Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына мынадай түзетулер енгізіледі: – қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдық бөліктеріне жатқызу; – облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде, оларда аудан құру; – аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау; – ҚР Президентіне ҚР Үкіметінің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы шешім қабылдау бойынша өкілеттік беру; – Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыным енгізу бойынша жаңа құзырет беру; – облыстық өкілді және атқарушы органдарға ҚР Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныс енгізу бойынша жаңа өкілеттік беру; – аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізу бойынша өкілеттік беру.