Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады
Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады
210
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.