«Неге» бағдарламасының студиясында тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы Ермұрат Бапидан: «Ермұрат мырза, осы ЖСДП-ны сіз 200 мың долларға сатып жіберді деген әңгіме рас па?», – деп сұрады. Сауалға Ермұрат Бапи жауап беруге оқталғанда патрия төрағасының қазіргі орынбасары Тазабек Сәметбай: «Ермұрат Бапи базар қылды, саяси сахнаны базарға айналдырды. Саудагер! Көпес!», – деп спикерді сөйлетпей қойды, – деп жазады nege.kz.
Осы сөздер Ермұрат Бапидің ашуын келтірсе керек, Тазабек Сәмбетбайға алдымен стакандағы суды шашып, артынша стаканның өзімен жіберіп ұрды. Одан кейін Бапи Сәмбетбайға «кө...ді қыс!» деп зекіп, жағынан салып жіберді. Тіпті басқалардың араласқанына қарамай, тепкенін де байқауға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=7ps1YyftKMM&feature=emb_logo