Қазақстандықтар Ержан үшін дауысты 23 қарашадан бастап Junior Eurovision сайтында бере алады. Бұл жөнінде Казинформ жазды.
Польшаның Гливица қаласында қазақстандық әнші Ержан Максим қатысатын Junior Eurovision – 2019 байқауының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында жеребе тартылды. Сөйтіп, байқауға қатысушылардың сахнаға шығатын реттік нөмірлері анықталды. Ержан Максим 10-шы болып өнер көрсетеді.
Байқауды алғашқы болып аустралиялық қатысушы ашса, соңғы – 19-нөмір Сербия өкіліне түсті. Қабылдаушы ел – Польшаның әншісі 11-ші болып ән айтады.
Қазақстандықтар Ержан үшін дауысты 23 қарашадан бастап Junior Eurovision сайтында бере алады.