Алаяққа алданып, үйсіз қалғандар
Алаяққа алданып, үйсіз қалғандар
195
оқылды

Алматыда риэлтордың кесірінен біраз адам үйсіз қалған. Бұл жайында 24.kz жария етті.

Алданғандар қазір ауылдағы ескі пәтерде тұрып жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың қалада өз үйлері болған. 

Павел мен Галина қаладағы үйін «үстіне ақша қосып беремін» деген соң басқа пәтерге ауысқан. Артынан бірі - келісімшартқа қол қойған. 

Міне, осыдан кейін оларға риэлторлар 20 мың долларды бермей қояды. Екінші бір адам «көмектесемін» деп ерлі-зайыптыларды қарызға батырып, кейін ақшасын талап еткен. 

 Осылайша, олар пәтерінен айырылып қалады. Өздерінің алаяқтардың тұзағына қалай түсіп қалғанын да байқамай қалған.

https://youtu.be/DoiHVeuuqoQ

– Ол осы пәтерге жабысты да қалды. Алдап-арбап, қорқытып, мені қуып шықты, – дейді жәбірленуші Галина Люхтина.

Ал, Ішкі Істер департаментінің баспасөз өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, бұл қылмыстық істі полиция департаментінің тергеу басқармасы тексеруде.

– Қазіргі уақытта осы күдіктіден жәбір шеккен сегіз адам полицияға арызданып отыр. Барлық факті бойынша заң аясында тиісті зерттеулер жүргізіледі, – дейді ол.