Әріптестермен қарым-қатынас нығаяды
Әріптестермен қарым-қатынас нығаяды
138
оқылды

Мемлекет басшысы Сырт­қы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Бұл  туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытын­ды­лары, соның ішінде өзге елдермен екіжақты ынтымақтастық бо­йынша және халықаралық ұйымдар ая­сында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат беріл­ді. Сонымен қатар кездесу ба­рысында Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәрті­біндегі мәселелері талқыланды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптес­терімен екіжақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.