Ақтөбедегі шошқа фермасы қоршаған ортаға залал келтірген
Ақтөбедегі шошқа фермасы қоршаған ортаға залал келтірген
242
оқылды

Ветеринарлардан бастап экологтарға дейін төрт бірдей комиссия тексеруге осыдан 10 күн бұрын кіріскен.

Оған Бестамақ ауылы тұрғындарының үш күн қатарынан шошқа фермасын жабуды талап етіп наразылық ұйымдастыруы түрткі болды. Тексерушілер шаруа қожалығының маңындағы жалғыз ордың бойынан 200 тонна шошқа қалдықтарын қазып алған. Қалған бірнеше орда әлі қанша қалдықтың жатқаны белгісіз. Себебі, оларды ашып үлгермеген. Қоршаған ортаға орасан зор залал келтіргені үшін Алға аудандық ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғамақшы. Сондай-ақ бизнесменге шошқа бағуын тоқтатып, кәсібін өзге бағытқа арнауға бір апта уақыт берілді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов: «Қылмыстық баппен экология департаментіне, жер инспекциясына байланысты, жердің құнарлылығын бүлдіру және де ферма қызметіндегі қайта өңдеу немесе қалдық жою бойынша талапты дұрыс сақтамаған», – дейді.